KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-ның екі ауданында шектеу шаралары күшейтіледі

7.07.2020, 05:52 105

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Өкінішке орай, қазіргі таңда Семей, Өскемен қалаларынан бөлек, Аягөз және Жарма аудандарында COVID-19 вирусын жұқтырған тұрғындар саны күн санап артып, инфекцияның таралу аумағы кеңею үстінде. Тек Аягөз қаласының өзінде 105 адам ауырса, жалпы аудан ішінде 161 науқас тіркелген. Ал Жарма ауданында қазіргі уақытта 98 адам вирус жұқтырған. Олардың 57-сі Қалбатау тұрғындары, - деп жазды әкім.

Облыс әкімінің хабарлауынша, жағдай ушығып, вирустың жедел тарап жатыр. Бір ғана маусым айының ішінде біздің облыста науқастар саны 5,3% немесе 700 адамға артты. Соңғы тәулікте вирус 96 адамда анықталып, облыстағы науқастар саны 2116 құрады.

«Бүгін кезекті рет аудан, қала әкімдерінің, тиісті орган басшылары мен ауруханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен онлайн режимде жиналыс өткіздім. Оның барысында әрбір ауруханадағы жағдайды мұқият қараудамыз. Сондай-ақ, Аягөз, Жарма аудандарында шектеу шараларын күшейтуді тапсырдым», - дейді Даниал Ахметов. ⠀

Нақтырақ айтсақ, Аягөз, Шар қалалары мен Қалбатау кенттерінде қатаң талап енгізіледі.

Болып жатқан жағдайға тек қатаң шектеулер мен азаматтарды оқшаулау шаралары ғана түбегейлі шешім бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив