KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығыс Қазақстанда коронавирустың тез таралу себептері түсіндірілді

20.11.2020, 12:06 209

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында «COVID-2019» ауруының аймақта тез таралу себептері сөз етілді.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, вирустың бірінші толқынында Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай қатаң бақылауда болуына байланысты, аурудың өршуі күтілген жағдай болды. Қазір халықтың жаппай инфекция жұқтыруы орын алуда. Мұның үш себебі бар.

– Біріншіден, климаттық жағдайларды, аймақтың географиялық жағдайын ескеру қажет. «COVID-2019» вирусы тұмау сияқты дәл осы уақытта ауа – райы жағдайында тез таралып, белсенді түрде көбейе түседі, - деді Талғат Тұңғышбаев. Келесі себеп – өңір тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы.

Сондай-ақ, Талғат Тұңғышбаев сырқаттанғандар санының өсуіне халықтың көшіп-қонуы да әсер етіп отыр дейді.

- Көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарында жалпы жағдай өте қолайсыз, қауіпті індеттің жоғары өсуі байқалады. Сондай-ақ Ресей Федерациясымен арадағы тоқтаусыз жолаушылар тасымалы мен жүк көліктерінің қозғалысын да ескерген жөн. Сондықтан, вирустың кеңінен таралуына халықтың көшіп–қону қажеттілігі де көбірек әсер етуде, - дейді Талғат Тұңғышбаев.

Жалпы, 2020 жылдың 17 қарашасындағы жағдай бойынша бір тәулік ішінде КВИ-дің 230 жаңа жағдайы тіркелді. Коронавирустық инфекцияның ПТР әдісімен расталған нәтижелері бойынша 16 қала мен аудан тұрғындарынан оң нәтижелер анықталды.
Талғат Тұңғышбаев өңірде енгізілген карантиндік шектеу шаралары ең алдымен ауыр науқастар санының артуын бәсеңдету және денсаулық сақтау жүйесі ауырғандардың ағымына төтеп бере алуы үшін аурулар санын бәсеңдетуге бағытталғанын атап өтті.

- Инфекцияның таралу жылдамдығын тежеу үшін қабылданатын шаралардың тиімділігі әрқайсымызға тікелей байланысты. Сондықтан да шектеу және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау арқылы инфекцияның таралу тізбегін бұзуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын жалғастыру өте маңызды, - деп қорытындылады ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу