KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 9 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Өскемендіктер Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым етті

Фото: Өскемен әскери горнизоны

25.05.2023, 14:01 592

Өскемен гарнизонында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 99 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті.

Қазақтың даңқты қолбасшысын еске алуға Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, әскери кафедра студенттері, әскери-патриоттық қозғалысының, мамандандырылған сыныптардың тәрбиеленушілері, қоғам қайраткерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жиналғандар Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

– Тәуелсіз Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылатын азаматтар аз емес. Солардың бірі –  Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов. Ол Отанын сүйген, өз ісінің нағыз маманы, әскери борышқа адал тұлғаның үлгісі ретінде жадымызда мәңгі қалады. Қарулы Күштердің қалыптасуына қосқан орасан зор үлесін ерекше атап өтпеске болмайды. Себебі бүгінгі Қарулы Күштеріміз еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, – деді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы подполковник Ерлан Рамазанов.

 Ұлы Отан соғысы жылдарында Сағадат Нұрмағамбетов Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдавияны, Батыс Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Польша аумағында жаудың қорғанысын бұзып өтуде қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, сонымен бірге көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

– Сағадат Қожахметұлы өзін тұтастай Отанға қызмет етуге арнаған жан. Біздің міндетіміз батырға лайық құрмет көрсету. Ұрпақ санасында отансүйгіштікті арттыру мақсатында осындай шараларды жиі өткізу керек деп санаймын. Батырларымызды естен шығармауымыз керек. Өскелең ұрпақ ата-бабаларын білуі тиіс, – деді Шығыс Қазақстан облысы “Қарулы күштер ардагерлері” кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Бейсен Тулақов.

Сағадат Нұрмағамбетов небәрі 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атанған. Магнушев плацдармында болған шайқаста ол басқарған пулемет ротасы 2 күн ішінде 120 фашист пен 12 пулемет орналасқан нүктенің көзін жояған. Өскемендіктер қазақтың осындай даңқты ұлдарымен мақтанады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу