Өскеменде автобустарды депутаттар тексеріп жүр - коронавирус
Қоғамдық көліктерді тексерудегі басты мақсат - коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін карантиндік талаптардың сақталуына көз жеткізу, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Тексеру №8, 12, 19, 24, 32, 60 бағытындағы автобустарға жүргізілді. Депутаттар учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге аталған қоғамдық көліктер ішіндегі тазалық және дизенфекциялық жұмыстардың жасалуын қалдағалады, - деді Өскемен қалалық мәслихаты. – Тексерістен өткен барлық автобустар дизенфекциялық құралдармен, медициналық қолғаптармен және шелектермен қамтамасыз етілген.
Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде мониторингтік топтар мен басқа да тексерушілерге автобустарға жолаушы ретінде отырып, санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша қоғамдық көліктерге бір мезетте мінетін халық санын қадағалауды да ұсынды.