KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

2020 жылы Аягөзде атқарылған шаруа көп

7.12.2020, 15:29 227

2020 «Еріктілер – жылы» Елбасымыздың осы үндеуіне киелі Аягөз өңірінде үлесін қосып жатқан азаматтар мен азаматшалар қаншама! Соның бір ғана лебі Аягөз мүгедектер бірлестігін де шалып өтіп, қол жетпес армандай болған іс-шараны жүзеге асырды!

Қазақтың, ежелден маңызын жоғалтпайтын, «Асар» дәстүрін алға тартып, «Инва-такси» көлігіне арналған, көлемі (6 х4 х 2,5м) автокөлік тұрағы осы бірлестіктің ауласында тұрғызылды. Бұл автокөліктің қажеттілігі туралы айтпаса да түсінікті. Мына пандемия уақытын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап, бет-перде киіп, антисептик қолдануды ұмытпауды қадағаладық.

«Асар» - тұған-туыстар, достар немесе көршілер қиындықтарға тап болған адамға немесе отбасыға қайтарымсыз көмек көрсетуді көздейтін дәстүр болғандықтан, біздің бірлестікке тиімді деп санадық. Бізге дуалға бір шегені дұрыс қағуда қиындық тудыратын болғандықтан, өз қажеттілігімізді айтып «Аягөз аудандық ішкі саясат» бөлімінің меңгерушісі Абай Русланға бардық. «Жастар» бөлімінің көмегімен ауланы құрылысқа ыңғайлау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі С.А.Ысқақовтың жеке қабылдауында қолдауын алған соң, үмітіміз жанып, іске кірістік! «Жақсының жақсылығын айт – өркені өссін!» деген сөзге орай, айтып кетейік.

Сеилбек Абұирұлы Ысқақов, мәслихат хатшысы қызметін атқарып отырған кезде де, мүмкіншілігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге айтарлықтай үлесін қосқан азамат. Яғни:

- тоқырау кезінде далаға картоп егу науқанында, тракторға солярканы өз қалтасынан құятын;

- «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәдениет үйінде мүгедектерге арналған санузел салуды іске асырған, «Теміржол бекетінің ішінде осындай санузел салуды 2021 жылғы құрылыс жобасына еңгізген;

- Қалааралық автобуспен қатынасу мәселесінде – 1,2 топ (жалпы) мүмкіншілігі шектеулі жандардың 5 бағытта ақысыз жүрулерін іске қосқан. Бұған қоса, әртүрлі қажетті мәселелермен қабылдауында жиі боламыз.

Әрі қарай, ауданымыздың мықты азаматы Аман Шакенович Мустафинге бардық. Ол кісі, үмітімізді одан әрі жандандырып, құрылыс жұмыстарына байланысты құнды кеңестерін беріп, қаржылай көмек көрсетті! Аудандық мәслихат депутаты Айтқали Ақбаев, қаламыздың кәсіпкер азаматтары Ғайни Бейсебаев, Санат Тыштабаев, Қыдыр Сапаков, Ахат Касымбаев, Руслан Касымжанов мүмкіншіліктеріне қарай, құрылыс заттарымен, қаржылай көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Қанат Оспанов өз есебінен автокөлік тұрағының қақпасын жасатып, орнатып берді.

Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы Сайфуллин іс-шараға «Асар» - қазақтың әлеуметтік дәстүрінің әр заманда маңызы жоғалмайтынын айтып, осыған байланысты уағыздар келтірді. Жұмысқа 5-6 адамдарын қосып, құрылыс заттары мен қаржылай көмек те көрсетті.

Осы азаматтардың жеке бастарына, жанұя мүшелеріне, барлық Аягөз тұрғындарына мықты денсаулық, пандемия індетінен аман-есен шығатын күш-жігер, бақытты ұзақ өмір тілейміз.

Ең, басып айтуға тұрарлық - аудандық мәслихат депутаты Еркін Рахметоллаевич Юсуповтың көрсеткен көмегі. Осы құрылысты басынан – аяғына дейін қадағалап, сапалы аяқтауы. Демалыс күндері өз уақытын осы ізгі іске

жұмсап, адамдарды сапалы ұйымдастырып, жан-жақты маман, керемет психолог ретінде танытқаны бізді қатты қуантты.

Бұл қайырымдылық іс-шарада Еркін мырзаның аудандық депутат ретіндегі міндеттерінен гөрі – жоғары адами ұстанымдары биік болғаны байқалды. 2 күн бойы, құрылысшылардың Еркін мырзаға деген шынайы құрметін көзімізбен көріп, қуана тамсандық. Мына, психологиялық тұрғыда алғанда, қиын заманда – қарапайым адамдардың бағалауына, арқа тұтуына жету - оңай шаруа емес.

Қазіргі күні, «Нұр-Отан» партиясында праймериз өтіп жатқан азаматтар мен азаматша-лар осы Еркін Юсупов ағаларының өмірлік ұстанымдарын, қарапайым елге деген құрметін, қамқорлық көзқарасын алға тартса, біздің де, өзімізге деген сенімділігіміз артып, көңіл-күйіміз жоғары болып, алдымызға қойылатын мақсатымызға жетуіміз неғұрым жеңіл болатыны сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив