ШҚО-да аудандық партия баспанасыз қалған отбасыға қаражат жинап жатыр
Аягөз қаласында жуықта пропан газ балоны жарылып, бір отбасы баспанасыз қалған болатын. 7 адам жарақатпен ауруханаға түсті. «Nur Otan» аудандық партия филиалы аягөздіктерді баспанасыз қалған отбасыға көмек көрсетуге шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аудандық «Nur Otan»партиясының үндеуі
«Апат айтып келмейді. Оқыс болған жағдай. Пропан газ балоны жарылып, 7 бірдей адам ауруханаға түсіп, баспанасыз қалды. Қар басып, аяз қарыған шақта жүректегі үміт қана жылытады. Күйік шалған дене мен күйсіз қалдырған бір-ақ сәт. Ересектердің ғана емес, қаршадай ғана 4 баланың баспаналы болуына сіздер де өз үлестеріңізді қоссаңыздар. Ауыр жағдайға бей-жай қарамайтын барлық жанашыр жандарға төмендегі счет реквезиттерін ұсынамыз.
«Аягөз Болашақ» ҚҚ
БИН 110740000641
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
KZ036017261000002106
КБЕ 18
Аягөз қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі 25».