KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО: Балалар мінген автобусты қар көшкіні басып қалғаны рас па?

21.02.2023, 12:17 309 Ләззат Қанатқызы

18 ақпан күні Глубокое ауданындағы «Изумрудный» шипажайының маңында қар көшкіні құлаған.

«Қазселденқорғау» кәсіпорнының өкілдері болған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жауапты мамандардың айтуынша, аталған учаскеде осы уақытқа дейін үш рет жасанды жолмен қар көшкіні түсірілген.

- Қар көшкіні түсірілсе де тау бөктерінде қар қалады. Сол күн қатты жел болған. Қар көшкіні жүрген жоқ. Жолға құлаған қар биіктігі 15-20 сантиметрді құрайды. Автобус тек қарға батып қалған болуы керек. Себебі көшкін болған жағдайда ол маңайда адамдар емін-еркін жүре алмай қалады, - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы басшысының орынбасары Советбек Станбеков.

Абырой болғанай зардап шеккендер болған жоқ. Қозғалыстың басқа қатысушылары автобусты қар құрсауынан босатқан.

- Қыс басталғалы бері 260 мың текше метрге жуық қар шығарыды. Әлі де көшкін қаупін алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу