ШҚО: Сотталған ер адам колониядан қашып кетті
22 ақпан күні ШҚО-дағы ҚАЖД № 16 мекемесінен сотталушы қашып кетті.
Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сүйсенсек, ол бір сағат ішінде қолға түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, ер адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған (ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі).
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді,-деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта "Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу" ҚР ҚК 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз