KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОБ
522.38 612.6 6.54

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 45 өрт шыққан – ШҚО

1.04.2023, 16:39 389 Ләззат Қанатқызы

Өңірде электр жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 26 өрт оқиғасы тіркелген.

Ал өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан тұрғын үй секторында 19 өрт шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, көп жағдайда өрт ұзартқыш токты қолданғаннан шығады.

    Тұрғындар ұзартқыш токқа бір уақытта бірнеше электр аспабын қосады. Оны ұзақ уақыт бойы қолдану өте қауіпті. Ұзартқышты тек аз уақыт пайдаланған дұрыс, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 арнасына хабар беріңіз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу