Өскемен металлургиялық кешені штаттық режимде жұмыс істейді
ШҚО бойынша экология департаменті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, халықтың наразылығын тудырған «күкірт цехындағы» жарылыстың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ресми ақпараттарға сәйкес, 15 қыркүйек күні «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің (ӨТМК) қорғасын зауытында балқыту цехының шахталық пешін тазарту бойынша жоспарлы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, бір қызметкер өмірімен үйлеспейтін жарақат алған.
- Айта кету керек, өндірістік жабдықтардың зақымдануы, тенхниологиялық процестің бұзылуы сияқты жағдайлар болмаған. 17 қыркүйектен бастап қорғасын зауытының негізгі цехтарының жұмысы, 19 қыркүйектен бастап Isasmelt pt пеші тоқтатылды. Сондықтан күкірт цехында болған жарылыс туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп түсіндірді ШҚО бойынша экологиял департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні сағат 21:00-ден бастап бүгінгі күнге дейін облыс орталығында екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар жарияланғанды.
"Казцинк" ЖШС берген ақпаратқа сүйенсек, қазір барлық үш күкірт қышқылы зауытының жұмысы ҚМЖ дәрежесін ескере отырып, штаттық режимде жүзеге асырылады.