KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да кәсіпкерлерден банктік шоттардың болуын негізсіз талап еткен

19.04.2023, 22:16 299 Ләззат Қанатқызы

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Зайсан ауданының бір топ кәсіпкерлері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы хабарлама жолдаған.

Кәсіпкерлердің айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгілі бір банктен  шот ашу қажеттігі туралы негізсіз талап қойған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының» 53-тармағының 4-тарауына сәйкес, деректемелері бар банктік шот грант беру туралы оң шешімнен кейін 3 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.

Осылайша, бөлім мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің ережелерін бұзып, жасанды әкімшілік кедергілер тудырған.

 Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне нормативтік құжаттар талаптарын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өрескел бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу