KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Облыстық ТЖД құтқарушысы Ертіске батпақшы болған жігітті құтқарды

22.04.2023, 16:32 253

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкері Евгений Карпунов қызметтен бос уақытында Мирный кенті ауданы тұсында Ертіс өзенінде су ішінде тұрған жігітті байқап қалады.

Евгений «судан шығыңыз, бұл жер өте қауіпті» деп айқайлайды. Алайда ер адам «ол мүмкін емес, әлім жоқ» деп, қатты тоңғанын айтады.  Құтқарушы Карпунов еш ойланбастан суға қойып кетіп, оған дейін әріптестерін "112" нөмірі бойынша көмекке шақырып үлгереді, деп Altaynews тілшісі.

 

Жігітке малтап жетіп, қайықпен келген ШҚО ТЖД ЖҚЖ бөлімшесімен бірге зардап шегушіні жағаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетті. Қатты тоңған адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1995 жылғы жігіт қызымен ұрсысып қалып, Ертіске батып кетпек болған.

ШҚО ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу