ШҚО-да құтқарушылар SUP-бордистерге көмекке келді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да құтқарушылар ауа райы күрт өзгеріп, қарама-қарсы жағалауда қалып қалған экстремалды әуесқойларға көмекке келді.
Демалыс күндері 6 адам Ұлан ауданындағы Шалқар көліне барып, Sup тақтасымен су бетіне шыққан. Бірақ кенет ауа райы күрт өзгеріп, қатты жел тұрғандықтан жағалауға өз бетімен қайта алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен келіп, 1996 және 2004 жылы туған екі жігітті, сондай-ақ 1980 жылы туған әйелге құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға дейін жеткізді.
Қалған үш азамат жағаға жаяу баруды жөн көріпті.