ШҚО-да 700 мың теңгеге жуық айыппұл арқалаған тұрғын ұсталды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Облыс орталығында жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар барысында 700 000 теңгеге жуық айыппұл арқалаған тұрғын ұсталды.
Көлік жылдамдығын шамадан тыс асыратын жүргізуші интеллектуалды бейнежүйе арқылы анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Рейд барысында “Сергек-Қорғау” АБК көмегімен полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін тоқтатқан. Көлік иесінің атында қозғалыстың белгіленген жылдамдығын бұзғаны үшін жалпы сомасы 700 мың теңгені құрайтын төленбеген 12 айыппұл бар. Құқық бұзушының көлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста “Сергек” АБК арқылы 128 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталған.
Оқи отырыңыз
Полицейлер үш күнде борышкерлерден 30 млн жуық айыппұл өндірді – ШҚО ШҚО-да жалған нөмір таққан, 2 млн теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталдыТөрт мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды – ШҚО7 күн ішінде 10 млн айыппұл өндіріліп, 40 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды«Борышкер»: Айыппұл өтемегені үшін 42 көлік айыппұл тұрағына қойылды