KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Ақжарда сайлаушылардың көңіл-күйі көтеріңкі

20.11.2022, 12:00 468 Мадина Амангелдіқызы

Ақжар ауылында сайлауға келген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.

Ауылдағы N905-сайлау учаскесіне отбасымен барып дауыс берген Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейдің жоғары санатты география пәні мұғалімі Өмірхан Қанағатов осылай дейді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Президент -латын тілінде praesidens-басшы, республикалық басқару формасындағы елдердегі ең жоғары лауазым иесі. Сонымен қатар, азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады. Жоғары лауазым иесін тікелей халық дауысымен сайлау демократияның ең жоғарғы белгісі деп білемін. Сол үшін де осы саяси шараға отбасымызбен барып дауыс бердік. Сайлау жақсы өтуде, жүйелі ұйымдастырылған екен. Жәрмеңке де болды. Отбасыммен сағат 9-дар шамасында бардым, кісі қарасы мол, көңіл-күйлері көтеріңкі. Азаматтардың жеке бас куәліктерімен ғана тізімнен қаралып, дауыс беруі қадағаланып тұр. Заңға қайшы әрекеттер байқалмайды. Бақылаушылар да, сенімді өкілдер де өз жұмысын сәйкесінше атқаруда. Елдің, аудан тұрғындарының келешектен үміт күтіп, саяси науқанға зор ықылас танытқанын атап айтуға болады. Саяси-экономикалық, әлеуметтік салада оң өзгерістер болып,  жаңғыртулар жалғасын табады деген сенімдеміз,-деді Өмірхан Қанағатов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив