ШҚО-да сайлаушылардың 58,69 пайызы дауыс берді
Елімізде тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетендерін алды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- Орталық сайлау комиссиясын өңірлердегі сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деді Анастасия Щегорцова.
ОСК мүшесінің дерегінше, оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 52,28%
- Ақмола облысы бойынша – 52,12%
- Ақтөбе облысы бойынша – 51,28 %
- Алматы облысы бойынша – 52,13%
- Атырау облысы бойынша – 36,15%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14%
- Жамбыл облысы бойынша – 58,32%
- Жетісу облысы бойынша – 52,41%
- Қарағанды облысы бойынша – 56,97%
- Қостанай облысы бойынша – 62,36%
- Қызылорда облысы бойынша – 54,31%
- Маңғыстау облысы бойынша – 49,18%
- Павлодар облысы бойынша – 51,24%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68%
- Түркістан облысы бойынша – 48,37%
- Ұлытау облысы бойынша – 52,29%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69%
- Астана қаласы бойынша – 33,65%
- Алматы қаласы бойынша – 15,38%
- Шымкент қаласы бойынша – 35,61%
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.
Оқи отырыңыз
Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс бердіСағат 18-00-де сайлаушылардың 67,2 пайызы дауыс берді - ШҚОСағат 20-00 дегі есеп бойынша ШҚО – 72,4 пайыз дауыс бердіСағат 14.00-дегі жағдай бойынша cайлаушылардың 43,9 пайызы дауыс бердіСағат 16-00-де ШҚО сайлаушыларының 62 пайызы дауыс беріп үлгерді