KZ
Өскемен
+24°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО-дағы ауылдың хоккейшілері «Барыстың» жаттығуларына қатысатын болды

16.01.2019, 08:51 153


Барлық ауылының жас хоккейшілері астаналық «Барыс» клубының жаттығуына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай сыйлықты хоккейшілерге аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жасады.


Естеріңізге салайық, Катонқарағай ауданы, Барлық ауылындағы орта мектептің оқушыларынан жасақталған команда шайбалы хоккейден ел Тәуелсіздігі мерекесіне орайластырылған аудандық жарыста топ жарған болатын. Осы ретте білікті бапкерлер Болат Алпыспаев пен Мұрат Кілібаевтың қол астында жаттығатын жас хоккейшілер бұған дейін де бірнеше аудандық және облыстық жарыста биіктен көрінгенін айта кеткен орынды.


Мектеп директоры Мұхаметқали Доржанов бастаған ауыл командасы Астанаға жол жүріп кетті. Жоғарыда айқанымыздай, елордаға сапары барысында жерлестеріміз «Барыс» командасының жаттығуын, сондай-ақ астаналық клубтың уфалық «Салауат Юлаевпен» ойынын тамашаламақ. Жас хоккейшілердің Астанаға барып қайтуына жергілікті кәсіпкер Алексей Удовик те септігін тигізгенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив