KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
503.15 543.3 5.93

Шемонаихада еркін күрестен республикалық турнир өтеді

Фото: BasSport.kz

10.04.2024, 13:30 4 448 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха қаласында сәуірдің 11-14 күндері еркін және әйелдер күресінен II Республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шара ҚР еңбек сіңірген дәрігері және КСРО Денсаулық сақтау үздігі Федор Михайлович Жмайловты еске алуға арналып отыр.

- Республикалық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен балуандар қатысатын болады. Үздіктер қатарынан көрініп, оқ бойы озық шыққан спортшыларға арнайы белбеу табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады, - дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, «Үздік спортшы» номинациясын иеленген 8 балуанға арнайы мүсін мен медальдар табыс етіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу