KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Елімізде “Уылдырық” науқаны басталды

Фото: ашық дереккөзден

6.04.2023, 19:33 300

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде ағымдағы жылдың 5 сәуірі мен 5 маусымы аралығында “Уылдырық” балыққорғау науқанын бастады.

Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, тыйымның мерзімдері белгіленген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған уақыт кезінде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.

Аталған тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10-нан 40-қа дейін АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-тің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР ҚК-тің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап, заңды бұзбауға шақырады. Нақтырақ өз өңіріңіздегі тыйым салу мерзімдері туралы ақпаратпен құзыретті органның сайтында танысуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив