KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да ертең тағы да дауыл, арты қарға ұласады

Фото: шартты сурет

17.04.2023, 16:23 226

Өңірде бүгін дауыл туралы ескерту жарияланды. "Қазгидрометтің" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 18 сәуірде түнде облыстың басым бөлігінде қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді, – деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Синоптиктердің айтуынша, мұндай метеожағдайларда ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының дұрыс бекітілмеген элементтерінің құлауы, көлік қозғалысының қиындауы, көрудің нашарлауы, тайғақ жол жамылғысының пайда болуы қауіптің негізгі факторлары болмақ.

  Халық сақтық шараларын сақтауы керек. Мүмкіндігінше елді мекендерден кетпеңіздер. Әсіресе жолдарда абай болыңыздар. Автокөлік жүргізушілері жылдамдық пен қашықтықты сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу ықтималдығын азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек, деп ескертеді синоптик мамандар.

Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескерту туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"-ге қоңырау шалу керек. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу