KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Жануарлар дүниесінің де «жедел желісі» бар

Фото: ашық дереккөз

19.04.2023, 17:30 256

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «жедел желісіне» хабарламалар жиі келіп түсіп жатыр.  

«Қауырт желі» іске қосылғаннан бері жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты түрлі мәселелер бойынша 113 хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Хабарламалардың 58-і (көпшілігі бірдей фактіні қайталау) құқық қорғау органдарына жіберілсе, 29 хабарлама жергілікті атқарушы органдарға жолданған. Жануарларға көмек көрсету мақсатында 13 хабарлама Орман шаруашылығы комитеті зообақылау ұйымдарына бағытталды. 2 факті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданған, дейді сала мамандары.

 Сондай-ақ «жедел желіге» жабайы жануарларға көмек көрсету бойынша да 11 хабарлама келіп түсіп, аталған фактілер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері жедел әрекет етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив