KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Алдағы күндері аптап ыстық болады

Фото: turkystan.kz

10.07.2023, 16:04 1 204 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктер ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43°С-қа дейін өте қатты ыстық болжанады, дейді синоптиктер.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу