KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО Полиция департаментінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті

14.12.2021, 16:22 229

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ШҚО Полиция департаментінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Аталған салтанатты іс-шараны ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Ырысты Райханқызы құттықтау сөзбен ашты. Құттықтау үшін сөз кезегін алған ШҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы идеология және имидждік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Буланов Дархан Рамазанұлы іс-шараға қатысушыларды еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ішкі істер органдарының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шара ШҚО Полиция департаментінің мемлекеттік тілді оқып-үйренушілердің арасында өткен «Тәуелсіздік пен тіл егіз ұғым» атты сайыс сабаққа ұштасты.   

Сайыс сабақты ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Қайдарова Ләззат Әскербекқызы жүргізді. Тартымды, әрі тартысты өткен сайыс сабақта «Тәуелсіздік» және «Азаттық»   атты қос команда   өздерінің алған білімдерін барынша көрсетуге тырысты. 

Тек білімді ғана емес, алғырлықты талап еткен сайысқа олар белесе қатысып, сабақ соңында   Егеменді Қазақстанның 30 жылдық тарихында қол жеткізген жетістіктеріміз бен атаулы күндерді санамалап берді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ШҚО Полиция департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.   Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шара   әр азаматтың   бойын шымырлататын «Көк тудың желбірегені» атты рухты әнмен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив