KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамыту: 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың басты бағыттары

pexels.com

Бүгін, 13:00 52 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.
Жүргізіліп жатқан реформалардың серпіні, сондай-ақ елдің қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған түбегейлі қайта құрулардың ауқымы мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін негіздейді. Өз кезегінде басқарудың жедел және тиімді шешімдеріне қажеттілік мемлекеттік қызметке жүктелетін талаптардың артуына әкеледі.
Тұжырымдама сәйкесінше әлемнің жетекші елдерінің басқару практикасында қалыптасқан заманауи трендтерге сүйене отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін құруға бағыт алды. 
Ол ел мүддесіне адалдық, оның алдындағы борышын сезіну сияқты мызғымас құндылықтар мемлекеттік қызметті атқару ерекшеліктерімен және "Адал азамат" идеалдарымен тығыз байланысты.
Тұжырымдамада мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың мынадай қағидаттары айқындалды:
      1)      проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру;
      2)      мемлекеттік қызметтің гибридті моделін - мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған құралдар мен тәсілдердің прагматикалық үйлесімін пайдалана отырып, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру;
      3)      HR-процестерді басқару және цифрландыру, олардың құралдарын мемлекеттік қызметшілердің функцияларды тиісінше және адал орындауын, оларды ынталандыруды және ұстап қалуды, сондай-ақ кәсіби тұрғыдан құлдырауға ықпал ететін жағдайлар мен өлшемшарттарды барынша азайтуды қамтамасыз ете алатын шамада ғана пайдалану.
"Адал азамат" идеясын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілер арасында патриотизм пен кәсібилік идеалдарын насихаттауға бағытталған шараларды қабылдау жоспарланған. Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылады. 
Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен жеке сектор өкілдерін қоса алғанда, барлық кандидаттар үшін әмбебап конкурс енгізу жоспарлануда. 
Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендірудегі кедергілерді жою үшін сатылас және деңгейлес даму жолдарын біріктіретін мансаптық өсудің гибридті моделіне көшу ұсынылады.         
Еңбекақы төлеу жүйесі алған дағдылары мен білімдері үшін әділ сыйақыны қамтамасыз ететін деңгейлес мансаптық өсумен үйлестіріледі.
Жоғары тұрған позициядағы бос орынға қарамастан еңбекақы төлеуді арттыру перспективалары, ал атқаратын лауазымында сыныпты кезең-кезеңмен арттыру есебінен мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадының сабақтастығын, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл оқу орындары түлектерінің, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін және жұмыс өтілі жоқ жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақысын белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін есептеу тәсілдері құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілін айқындау тәртібімен, оның ішінде білім беру ұйымдарында нақты мемлекеттік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес мамандықтар бойынша оқу кезеңі ескеріле отырып, біріздендіріледі.
 "А" корпусының институты одан әрі дамытылатын болады, оның ішінде тағайындау конкурстан тыс негізде жүзеге асырылатын, тиісті саладағы саясатты қалыптастыратын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жекелеген лауазымдарға кеңейту арқылы одан әрі дамытылатын болады.
Жас мамандарға тәлімгерлік тәлімгердің өзін көтермелеу және мансаптық, оның ішінде деңгейлес жоғарылату шарттарының бірі ретінде қаралатын болады.
Сондай-ақ зейнет жасындағы қызметкерлердің мемлекеттік қызметте болу мерзімін екі жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен оларды кеңесшілер лауазымдарына тарту мүмкіндігі қарастырылады, бұл институционалдық жадыны сақтауға және салалық міндеттердің сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ерікті ротацияны қоса алғанда, лауазымдық ауысулар нәтижесінде басқа өңірге қоныс аударған мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін ынталандыруды арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін енгізу шеңберінде алдыңғы тұрғылықты жерімен салыстырғанда өмір сүру жағдайларының ықтимал нашарлауын өтеу үшін тұрғын-үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындар және басқа да қажетті қызметтерді ұсыну тетіктерін қарастыру жоспарлануда. Әлеуметтік кепілдіктер жүйесі барлық қызметшілердің санаттары үшін кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.
Бұл ретте бірқатар мемлекеттік қызметшілерге өндірістік қажеттілікке қарай мемлекеттік органның бастамасы бойынша еңбекақы төлеуді қысқарта отырып жұмыс күнін қысқартуға мүмкіндік берілетін болады.
Бұдан басқа, әлеуметтік медициналық сақтандыруды, спорттық-сауықтыру кешендеріне қолжетімділікті, психологиялық қолдауды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасылары үшін корпоративтік әл-ауқат бағдарламаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.
Кадрлық іс жүргізуді орталықтандыру персоналды басқару қызметтерін күнделікті істерден босатуға және назарларын кадрлық стратегияға, жоспарлау мен болжауға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
 Заңнамада тәртіптік жауапкершіліктің негіздері, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды бір мезгілде ескеруге мүмкіндік беретін икемді тәсілдер айқындалады, бұл мемлекеттік қызметшілерді заңсыз жазалардан қорғауды қамтамасыз етеді және олардың бастамашылығын ынталандырады.
Сондай-ақ егер алдыңғы жазаның қолданылу мерзімі аяқталмаса және ауырлататын мән-жайлар болмаса, тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдерін саралау, теріс қылықтардың мән-жайларын бағалаудың икемді жүйесін енгізуге тәртіптік жазалармен байланысты емес құқықтық құралдарды қолдану, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тәртіптік жаза қолданбау құқығын беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, егер қызметшілердің мінез-құлқы мен әрекеттері мемлекеттің, азаматтардың, ұйымдардың мүдделеріне нұқсан келтіру қаупінің алдын алуына байланысты болса, мұндай қауіп басқа жолдармен жойыла алмаған жағдайда, қызметшілерді тәртіптік жауапкершіліктен босату шарттары айқындалатын болады.
Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтиже - бұл мемлекеттік қызметтің жекеменшік сектормен салыстырғанда бәсекелестігін неғұрлым арттырмақ және мемлекеттік қызметтің имиджін жоғарылатуға үлкен қадам жасалынбақ деген ойдамыз. 
Дегенмен, жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру көп уақытты қажет етеді. Сол себепті Тұжырымдаманы іске асыру барысы белгілі кезеңдерге бөлінген және жауапты тұлғалар тағайындалған іс-шаралар жоспарымен бекітілген.
 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
ШҚО бойынша департаменті басшысы, 
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы    

Е. Айқымбеков 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу