Бұқтырма жағалауын абаттандыру жұмыстары көктемде басталады
Бүгін ШҚО әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі бойынша қала, аудан әкімдерімен және басқарма басшыларымен кеңес өткізіп, Жаңа Бұқтырма кентін абаттандыру мәселесін талқылады.
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп пен аурухана салынып, көше жарығы тартылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар, су қоймасының жағалауы абаттандырылып, арбат пен жағалау бойындағы серуендеу аймағы салынбақ.
- Келесі аптада біз осы жұмыс жоспарын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Сондай-ақ, цемент зауыты бақытынан және кері бағытта кентке апаратын жолдарды жөндеуді қаржыландырамыз. Бұл бірінші кезектегі міндет, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
2023 жылдың көктемінде кентте және жағалауда абаттандыру жұмыстары басталады.
Оқи отырыңыз