KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскемендік тұрғын үйінде марихуана сақтаған

16.10.2023, 11:06 167 Ләззат Қанатқызы

Тәртіп сақшылары үйінде марихуана сақтаған ер адамды қолға түсірді.

Күдікті Өскемен қаласының аулаларының бірінде күдік тудыратын өсімдік тектес затпен ұсталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, оның салмағы 50 грамнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

  Күдікті есірткі затын сату үшін емес, жеке қолдану үшін сақтағанын айтты. Қазіргі күні аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив