KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность Штиль
529.7 545.96 5.17

Семейдің көшелерін "елес" көлік кезіп жүр

22.11.2021, 17:03 202

Семей қаласы полициция қызметкерлері өзінің «Toyota» маркалы автокөлігіне ресейлік жалған мемлекеттік нөмір орнатып алған қаланың 41 жастағы тұрғынын анықтады.

Жол-пол қызметкерлері автокөлікті тексеру үшін Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарына сұраныс жолдаған. Нәтижесінде Ресейдің ақпараттық жүйелерінде бұл автомобильдің мемлекеттік нөмірі тіркелмегендігі анықталды.

Осылайша «Елес» көлік құралының иесіне қатысты "Ресейге келу міндеттемесі" қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 385-бабының 1-бөлігі – «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу