KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Күршім тұрғыны жабайы қабанды атып алған

28.02.2022, 17:03 180

ШҚО бойынша «Орман және аңшылық шаруашылығы» жедел әрекет ету жасағы инспекторларымен бірлесіп Зайсан ауданының «Қара Ертіс» өзенінің маңынан Күршім ауданы Игілік ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру кезінде үсталған азаматтан қабан ұшасы табылды.  Алайда ер адамнан тиісті рұқсат құжаттары болмай шыққан. 

-  Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу міндеттемесі шарасы қабылданды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 337-бабының 1-бөлігі – «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив