KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

"Әкімдіктен". ШҚО аудандарының бірінде жалған қызметкерлер онлайн-кредит рәсімдемек болған

17.02.2021, 18:00 132

Ақпан айының басында Шемонаиха ауданы ПБ «102» жедел арнасына 54 жастағы ер адам қоңырау шалып, алаяқтардың құрбанына айнала жаздағанын хабарлаған. Оның үйіне екі бейтаныс адам келіп, өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырып, онлайн-сайлау өткіземіз деп алдаусыратып, оның атына 32 000 теңге көлемінде онлайн-несие ресімдеуге тырысқаны белгілі болды.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 30 және 43 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады, олардың біреуі осыған дейін сотты болғаны белгілі болды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу