KZ
Өскемен
-17°
ясно жел 2 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Өткен тәулікте 22 адам коронавирус жұқтырды

24.03.2023, 08:30 339 Оразай Жеңісұлы

Елімізде өткен бір тәулікте коронавирусқа шалдыққан 22 адам анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

24 наурыздағы жағдай бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 789 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 619, пневмониядан (КВИ-) – 170 КВИ) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, бүгінге дейін елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 10 864 671 адам егілді, II компонентпен - 10 637 893 адам. Ревакцинацияланды – 5 776 192 тұрғын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу