KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Алтай ауданының әкімі қызметінен кетті

8.09.2023, 14:48 252 Ләззат Қанатқызы

2022 жылы қыркүйек айында Алтай ауданының әкімі болып тағайындалған Ернар Мұстафин өз еркімен қызметінен кету туралы арыз жазды.

Енді ШҚО әкімінің өкімімен Алтай ауданы әкімінің міндетін атқару Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаевқа жүктелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 "Құрметті Алтай ауданының тұрғындары! Алтай ауданының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап жатырмын. Қызмет барысында тез шешім қабылдауға тырыстым және әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіне алдым. Аудандағы мәселелердің біразы өз шешімін тапты. Басқаларын жою үшін біраз уақыт керек. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, сәттілік және ауданның одан әрі өркендеуін тілеймін", – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ардагерлер кеңесіне, ақсақалдарға, депутаттарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, кәсіпкерлерге, әріптестерге, барша тұрғындарға қолдау білдіріп, түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив