KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Ұлы даланың рухани мұрасы-заманауи ІТ технологиялар арқылы өрістемек

26.01.2019, 04:03 251


Бүгін өзінің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, партияның облыстағы төрағасының орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтер қаладағы ІТ сыныптары бар мектептер мен орталықтарды аралады. Бұлардың қатарында «Балаларға арналған ІТ-сыныптар» жобасы бойынша №10 мектеп, «ІТ мамандарды дайындаушы» Электротехникалық колледждер бар.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде 2020 жылға дейін еліміз бойынша 1000 ІТ сыныптар ашылуы керек деген тапсырма берген болатын. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында әр мектеп бойынша толықтай жабдықталған ІТ сыныптар бар. Олардың деңгейі жоғары және робототехника сыныптарымен бағдарлау сыныптары біріктірілген.


-Біз балалардың барлығын ІТ маман ғып шығаруды жолға қойып отырған жоқпыз, дұрыс түсініңіздер,-деді партия хатшысы Қаныбек Жақашев,-тек технологияны қосымша меңгерсе деген өтінішіміз бар. Болашақта әр оқушы өз қалауын таңдайды, Әнші, ағаш шебері, журналист болуы мүмкін. Бірақ та, көп дүние осы ІТ-технологиясымен тығыз байланыста болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив