KZ
Өскемен
+25°
гроза жел 5 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Қазақстанда нөсер жауын, бұршақ және 40 градус ыстық күтілуде

Фото: depositphotos.com

5.07.2024, 16:16 82 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда жаңбырлы күндер жалғасады. Бұл туралы 6-8 шілдедегі ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы,  найзағай, қатты жел және бұршақ күтіледі.

«Ауа-райының қолайсыздығына Новосибирск аумағынан келетін циклон әсер етіп, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығындағы қатты жауынға себеп болады»,-деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атап өтілгендей, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі температура +20+28°С, оңтүстік-шығысында +25+33°С шегінде болады деп болжанады.

Ал елдің батысы мен оңтүстігінде +33+40°С қатты ыстық сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив