KZ
Өскемен
+25°
гроза жел 5 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Өскеменде 180 пәтер пайдалануға беріледі

5.07.2024, 16:39 100 Айжанат Бақытқызы

Облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуықта 180 пәтерлі екі үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Есенберлин және Сәтпаев даңғылдарының ортасындағы бұл шағын ауданда мемлекет қаржысына 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Екі үй пайдалануға берілген, ал 91, 92- позициялардың әрқайсында 90 пәтерден, жиыны 180 пәтер жуықта пайдалануға беріледі. Біздің міндетіміз – осы үйлердің уақтылы әрі сапалы салынуын қадағалап, тұрғындардың жайлы баспана алуын қамтамасыз ету, - деді шаһар басшысы Жақсылық Омар көпқабатты тұрғын үйлерді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысу кезінде.

Айта кетсек, бұл үйлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы «Отбасы банкінің» салымшыларына жеңілдетілген несиемен беріледі. Қазір құрылыстың балалар алаңын салу, ауланы абаттандыру сияқты соңғы жұмыстары ғана қалды. Ол бір айдың көлемінде толық аяқталуға тиіс.

Сонымен қатар қала әкімі Жақсылық Омар «Халық қатысатын бюджет»  бағдарламасы аясында Михаэлис көшесі 12, 12/1, 10/1, 14, 14/1 және 30-шы Гвардиялық дивизия, 30 мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында жүріп жатқан кешенді абаттандыру жұмыстарын тексерді. Осы аудандағы тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. Мұнда аулаға тақтатас төсеп, тротуар салу жұмыстарын «Hard Line», «Фортуна груп» қатарлы мердігер компаниялар сапалы орындап жатқаны назарға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив