KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Семейде 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

28.09.2025, 09:00 206 Төлеуғазы Жансая

Кеше түнде Семей қаласында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінен кейін бірден шұғыл мониторинг жүргізілді. «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды, сел және көшкін қаупі бар аумақтарды тексерді.

Сонымен қатар, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар да арнайы бақылаудан өтті. Тексеру нәтижесінде ешқандай зақымдану анықталған жоқ. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігі қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. Қаладағы жағдай тұрақты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу