KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, ОБ
525.11 546.74 4.88

Өскемен: Ақпанда 50-ден астам нысанған «бомба» қойылған

15.02.2023, 10:05 364 Ләззат Қанатқызы

14 ақпан күні облыс орталығындағы бірнеше мектепке тағы да «бомба қойылғаны» туралы хабарлама тарады. Алайда, тексеру нәтижелеріне сәйкес, объектілерде ешқандай қауіпті зат табылмаған.

Жауапты органдар қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату фактісі бойынша тергеу жүріп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 14 ақпан күні 23 мектепке жарылғыш зат қойылағын туралы хабарлама түскен. Тексеру нәтижесінде ешқандай қауіпті зат табылған жоқ. Күдіктілерді анықтауға бағытталған арнайы тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Медет Бердімұратов.

Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратушылар заманауи интернет-технологияларды қолданып отырғандықтан мамандардың жұмысын едәуір қиындатып жатқанын түсіндірді.

- Интернетпен жұмыс істеу – өте күрделі. Себебі онда IP мекенжайлары секунд сайын өзгереді. Тексеру ұзақ уақытты алады. Күдіктілерді табу мүмкіндігі бар. Қазір барлық нұсқалар пысықталуда, - деді Медет Тасырханұлы.

ШҚО ПД таратқан ақпаратқа сүйенсек, 6 ақпаннан бастап Өскеменде барлығы 50-ден астам нысанға «бомба қойылғаны» туралы жалған ақпарат тараған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу