Өскеменде заңсыз орнатылған шлагбаумдар алынып тасталды
Облыс орталығында аулада заңсыз орнатылған шлагбаумдарды алып тастау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қала әкімі Жақсылық Омар ауладағы шлагбаумдарды алып тастау туралы тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тапсырма негізінде 8 шлагбаум алынып тасталды.
Полиция қызметкерлері қала орталығында орналасқан төрт үйдің жанынан тағы 7 шлагбаум орнату фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар жасап, алып тастауға тапсырма берген.
Қазіргі күні 51 шлагбаумның 28-і алынып тасталған, қалған заңсыз қолданылып отырған көрінеді. Жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.
Шлагбаумға шағымдар көбінесе Виноградов көшесі, 18, 20, 22, Қазақстан көшесі, 64, 68, Қабанбай батыр көшесі, 17 тұрғындарының тарапынан түседі.