KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
443.16 480.39 4.94

Зайсан ауданындағы ауыл-аймақ абаттанып келеді

20.09.2020, 07:19 155

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп, абаттанған көшелерге жарық орнатылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 522 миллион теңге жұмсалмақ.

- Бұрын енді кемшілік осы жол болатын. Кейде жауын жауғанда батпақ болып кетеді. Асфальт салынса тіпті жақсы болады. Аудан орталығының жолдары да бүтінделіп қалды. Мұнда 8 көшеге асфальт жабынды төселді. Одан бөлек, бірнеше аулалар қоршалып, ойын және спорт алаңдары салынды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы жалпы жарты миллиард теңгеге 31 жоба іске асырылып жатыр, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Әденбек Мазбаев.

- Оның ішінде ауылдардағы ауыз су мәселелері, әлеуметтік нысандардағы ағымды жөндеу жұмыстары, көшелерді орташа жөндеу жұмыстары. Жұмыспен қамту жол картасының басты мақсаты тұрғылықты жұртты жұмыспен қамту болып табылды. Ол жерде 152 адам жұмыспен қамтылып, жағдай жасалады Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісов,

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив