ШҚО-да үкіметтік емес ұйымдарды дамыту бойынша семинар-тренингтер жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мақсатында "ҮЕҰ жарғылық қызметін тіркеу, жаңарту және кеңейту", "ҮЕҰ көшбасшыларының әлеуетін арттыру", "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҚР ҮЕҰ туралы мәліметтер базасы" тақырыптарында семинар-тренингтер кешені өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Семинар-тренингтерге қатысуға өтініш білдірген адам саны 100 адамнан асты. Алайда карантиндік шектеу ережелерге сай жалпы саны 76 қатысушы қамтылды.
Семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Bugin Association» ҚБ ұйымдастырып отыр.
«Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында өткізілді.
Мәліметтер базасындағы жалпы ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда ШҚО бойынша 200-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың әлеуетін арттыру, ұйым мүшелерінің кәсіби дағдыларын дамыту - «Bugin Association» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаттарының бірі.
Бұл семинарлар облыс халқына қатысты түрлі пайдалы әлеуметтік жобалар санын арттырып, айтарлықтай оң өзгерістер әкеледі деп күтілуде.
#qogamgov #cisc2020