Семейде 18 пәтер заңсыз жалға берілген
Семейде 18 пәтер заңсыз жалға беріліп келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегінен бастап қалада «Учаске» оперативті-профилактикалық шарасы жүргізілді. Осыған байланысты учаскелік инспекторлар 44 мың пәтер мен 31 мың жер үйді аралаған. Полиция басқармасындағылардың айтуынша, қала бойынша 18 пәтер рұқсатсыз жалға берілген. Профилактикалық шара барысында 3000-нан астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Еш жерде тіркелмеген және бірде бір құжаты жоқ 800 адам анықталған.
Оқи отырыңыз