Жаңа LADA-ға ат қойып беріп, сыйлық ұтып алуға болады
LADA Priora, LADA Granta және LADA Vesta.... Ал жаңа Lada-ны қалай атауға болады? Ұсыныстар тамыздың соңына дейін қабылданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
АВТОВАЗ фанаттар арасында байқау жариялады. Lada жанкүйерлері жаңа модельге ат ойлап табуы керек. Байқаудың шарттары өте қарапайым:
• атау Ресеймен байланысты болуы керек;
• Lada сөзімен жақсы астасуы керек
• екі-үш буынды және А әрпіне аяқталуы тиіс;
• екпінді, айқын айтылуы керек;
• кириллица бойынша және латынша оқуға, есте сақтауға оңай болуы тиісті;
Толығырақ ақпаратты АВТОВАЗ-дың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан алуға болады. Жаңа атауды сол жазбаның астына пікір ретінде қалдыру керек. Ұсыныстар 19-31 тамыз аралығында қабылданады.
Айта кетейік, АВТОВАЗ мұндай байқауды бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Мәселен Тольятти автокөлігінің қосымша атауы өте көп: Fortuna, Svoboda, Kayna, Kvest, Quanta, Intriga и Preosa.
Компания нақты қандай модельге атау керектігін ашып көрсетпеген. Суреттегі кескінге қарағанда, XCODE 2016 тұжырымдамасының сериялық нұсқасы шығу мүмкін. АВТОВАЗ үздік төрт ұсыныстың авторына брендтелген тостақ және портативті аккумулятор сыйға тартады.