Intriga, Kam4atka, Kvest – Lada жоспарлаған жаңа көліктердің атаулары
Lada-ның болашақта шығаратын көліктерінің атаулары белгілі болды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Колеса сайтына сілтеме беріп.
АвтоВАЗ компаниясының бұған дейін Granta, Niva, Vesta, XRAY, Largus, 4×4 сынды көліктерді шығарғаны мәлім. Олар енді алдағы уақытта шығаратын көліктерінің атауларын «бекітіп» қойған.
Сонымен, кәсіпорын қоржынында 2012 жылдан бері жүрген атаулар: Lada Fortuna, Ladoga, Svoboda, Slavia, Quanta. Бұл қатарға 2015 жылы Binar, Antiga, XRave, Xcite, Excite, X Path, Expira, Kvest, Onega, Kam4atka, XRay X. және Intriga деген атаулар қосылған.
Алайда компанияның әлем алдында «бекітіп» қойған атаулары 10 жыл ғана сақталады. Осы уақыт ішінде өздері айтқан көліктерді шығарып үлгермесе, атауларды өзге компаниялар еншілейді.