Алдағы күндері ауа райы қалай болады?
Синоптиктер 20-22 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Содан кейін қысқа антициклон жылжып, жауын-шашынның тоқтатылуы және батыста ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді", - деді синоптиктер.
Оқи отырыңыз