KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
447.08 484.41 5.01

Өскемендегі Мыза көшесін жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

3.08.2020, 05:40 120

Мердігер бұған дейін Ұлы Отан соғысының батыры атындағы көшені жөндеу жұмыстарын шілде айының соңында бітіретінін айтқан.

"Альшемали" сауда үйі аумағындағы Мыза көшесі бес жолақты болуы тиіс. Қазір мердігерлер Қазақстан көшесінен Протозанов көшесіне дейінгі жол учаскесін кеңейтіп, жасыл желек аймағын қысқартып, жиектерді жабдықтауда. Келесі аптада нөсер кәрізі орнатылып, асфальттың төменгі тегістеу қабаты төселеді.

- Мыза-Қазақстан көшелерінің қиылысын ауа райы қалыпқа келгеннен кейін үш-төрт күн ішінде жасайды, - дейді "Востоквзрывпром" ЖШС директорының орынбасары Александр Игнатов. - Жұмыстар түнгі уақытта жүргізіледі. Жөндеу трамвай жолдарына да әсер етеді, жол төсемі рельстермен тегістеледі, сол жақ бұрылыс жолдарын Қазақстан көшесінен Мыза көшесіне ауыстырады.

Мердігер енді жөндеу жұмыстарын шілде де, тамыз да емес, қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Мердігер айтқандай, аталмыш мерзімге дейін жұмыс толығымен аяқтай ала ма, ол жағын уақыт көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив