KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды

31.07.2020, 03:55 114

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма "Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрыққа енді.

"Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19 таралуын болдырмау үшін:

COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобын анықтау;

Қорғаныш құралдары мен антисептик қолдануға, соның ішінде, ашық жерлерде де (көшеде, үйден тыс жерде) маска тағу;

Байланыссыз термометрияны қолдану;

Адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы;

Нысандардың ауасын тазартып тұру;

Стационарлардың жұмысы;

Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдаған санитарлық ереже мен талаптардың қатаң сақталуы;

Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19-дан бөлек ауру расталған науқастарға орын бөлу;

Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болмауы үшін орын бөлу", - делінген бұйрықта. 

Еске салайық, Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелгені хабарланды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу