Өскеменде жеті үйдің қасбеті мен шатыры жаңартылады
Биыл Өскемендегі ең ұзын көшелердің бірі – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын қайта құру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Даңғылдың "Электртауарлары" дүкенінен "Металлург" саябағына дейінгі учаскесінде үш сквер абаттандырылып, Стахановская көшесінен Металлургтер мәдениет сарайына дейінгі аралықта аллея салынады.
Сонымен қатар, жуықта жеті үйдің қасбеті мен шатыры жөндеуден өтеді, олардың ішінде төрт үй сәулет ескерткішіне жатқызылған. Назарбаев даңғылы 39, 41, 43, 45, 47, 66 және Гоголь көшесі 36 мекен-жайларындағы қайта құрудан өтетін үйлердің барлығы 1957-1959 жылдары салынған, тарихы бай, бірегей сәулеті бар. Сондықтан қасбетті жөндеуден бөлек, қайта құрылатын үйлердің барлық кіреберіс топтары біртұтас стильге келтіріледі.