ШҚО-да 90 мыңға жуық адам 42 500 теңге алды
Бүгінде облыста 90 мыңға жуық адам 42500 теңге алды. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
19 қала мен ауданда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға байланысты туындаған мәселелерді шешу мақсатында арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
Жұмыс беруші жұмысшыларға тиісті 42500 теңгеге өтініш бермеген жағдайда ШҚО еңбек инспекциясына хабарласу қажет. Брифингке қатысқан аталмыш басқарманың басшысы Бақытбек Қизатов осылай деді.
- Еңбек заңнамасы бұзылса немесе жұмыс беруші әлеуметтік төлем тағайындауға қызметкерлерінің тізімін беруден бас тартса, карантин уақытында жалақысы сақталмайтын демалысқа шыққан азаматтар бізге хабарласа алады, - деді Бақытбек Қизатов.