KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ПТР әдісімен талдау қандай жағдайда тегін жасалады?

15.07.2020, 11:00 180

Медициналық көрсетілімі бар пациенттерге ПТР әдісімен талдау тегін жасалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Өскеменде мұндай талдауды 2 зертхана жасайды - «Олимп» және Репродуктивті медицина орталығында. Сондай-ақ, Ана мен бала орталығы мен облыстық аурухана пациенттерін өздері тексереді.

 - ПТР әдісімен тестілеуден медициналық көрсетілім бойынша аурудың белгілері болған жағдайда өтеді. Симптомдар пайда болса, учаскелік дәрігерге қаралу керек. Қажет болған жағдайда емхана материалды алып, зертханаға жібереді. ШҚО тұрғындары үшін ол тегін жасалады, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.

 Басқарма басшысының айтуынша, тест өткізуге реагенттер жеткілікті, олар тұрақты түрде жеткізіліп отыр. Қазіргі таңда 15 000 данасы бар. Күніне 1300 талдауда жүргізілуде. Аптаның соңына дейін бұл көрсеткіш еке есе өседі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив