Коронавирус: ШҚО-да бір тәулікте 73 науқас тіркелді
ШҚО-да бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар 73 жағдай тіркелді. Тағы 60 жағдайда аурудың белгілері болмаған, жеп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Инфекция ПТР әдісімен Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Жарма, Аягөз, Көкпекті, Глубокое, Ұлан, Бесқарағай, Катонқарағай, Абай, Шемонаиха, Алтай аудандарыныың тұрғындарынан анықталды.
Қалалар мен аудандар бойынша:
52 – Өскемен;
16 – Жарма ауданы;
15 – Аягөз ауданы;
11 – Семей;
10 – Ұлан ауданы;
5 – Абай ауданы;
5 – Көкпекті ауданы;
5 – Катонқарағай ауданы;
4 – Глубокое ауданы;
3 – Бесқарағай ауданы;
3 – Риддер;
2 – Алтай ауданы;
2 – Шемонаиха ауданы.
Зертханалық талдау 22 науқастан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша алынған, 81 науқастан ЖРВИ белгілерімен емханаға қаралу кезінде, қалған 30 науқастан аурудың алдын-алу мақсатында қаралу кезінде алынып отыр.
15 шілдедегі жағдай бойынша, облыста коронавирус жұқтырғандардың саны 3509 науқасқа жетті. Оның ішінде 1810 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1699 жағдай – симптомсыз. Жазылып шыққандар - 1780.