KZ
Өскемен
-24°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

ШҚО-да 16 адам суға кетіп, көз жұмды

14.07.2020, 06:25 600

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері 16 адам суға кетті. Оның алтауы – кәмелет жасқа толмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Суға кеткендер Семей қаласында  көп. Жаз басталғалы бері мұнда 6 адам суға кетсе, Өскемен қаласы мен Глубокое, Алтай аудандарында екі адамнан, ал Бородулиха, Ұлан, Үржар және Зайсан аудандарында бір адамнан суға кеткен.

– Әдеттегідей, қайғылы оқиғалардың барлығы да адамдардың өз жауапсыздығынан болып отыр. Бірі өз шамасын білмейді, бірі қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Сондай-ақ үлкендер балаларды қараусыз қалдырған жағдайлар да кездесті, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу